MyLyricsFinder

MINEZIN

Ace

Lyrics

Шақырам биге, кешке келесің бе? Алдыңнан шығам, сен ұнатқан кеудешемде. Жарық айдың астында біз күй кешеміз — Әдемі. Шет ел аралап, сезім кемесінде, Махаббат аралына барып көреміз бе? Бір-бірімізге сондай қатты үйлесеміз — Әдемі. Мінезің қандай? Найзағай кеп соққандай, Бұлтты аспандай, Нөсер жауындай, Кейін күн болып шыққандай. Мінезің сондай, Өзіме сай тапқандаймын. Есім жия алмай Қалсам да — ұнайды, Бәрін аламын, қабылдай Мінезің қандай? Кімге тартқанай? Бір сәт көрмесем, біраз күн өткендей, Сағыныш мені өртеп барад, түн өткізбей. Қайталайық сол бір кешті, тағы өткізейік — Қайтадан. Қайталайық. Мінезің қандай? Найзағай кеп соққандай, Бұлтты аспандай, Нөсер жауындай, Кейін күн болып шыққандай. Мінезің сондай, Өзіме сай тапқандаймын. Есім жия алмай Қалсам да — ұнайды, Бәрін аламын, қабылдай Мінезің қандай? Айтшы, кімге тартқанай? Бұлтты аспандай, Нөсер жауындай, Кейін күн болып шыққандай. Мінезің сондай, Өзіме сай тапқандаймын. Есім жия алмай Қалсам да — ұнайды, Бәрін аламын, қабылдай. Мінезің қандай? айс,эйс,минезин,кандай