MyLyricsFinder

Ulym

RaiM

00:25.46 “Тілің шықпай әр сөзіңді”

Lyrics Timed, click a line to jump

Ұлым-ау
Тұңғиықтай көзіңнен
Қарасам мен езілем
Тілің шықпай әр сөзіңді
Қарасыңнан сезінем
Құлыным
Әжең айтқан немеремді
Сый қылып тәңір берген
Арттыратын ұрпағымды
Жалғастырар шежірем
Жарығым
Қалдырмаймын қатардан
Ауылыңа апарам
Мен секілді көресің
Тәрбиені атадан
Сені қаладық балам
Берді бізге Алла
Саған арнап үй салам
Мекке не Мединадан
Сені қаладық балам
Берді бізге Алла
Саған арнап үй салам
Мекке не Мединадан
Ақ сүт беріп өсіреді сені анаң
Жетіге келгенше жақын жер саған
Содан кейін шақырады кең далаң
Осылайша тез өсесің сен, балам
Менің емес қазағымның, мұсылманның ұлы бол
Жарқыраған күлімдейтін, жүзің нұрлы, жылы бол
Арғы атаң Бақтыгерей Молдаштардай ірі бол
Ең бастысы бір Алланың ең сүйікті құлы бол

Can't get it out of your head? Play “Ulym” yourself.